Елордада ASEAN елшіліктері Жаңа жылды тойлады

17 Ақпан 2020, 16:20
3231
Бөлісу:
Елордада ASEAN елшіліктері Жаңа жылды тойлады
PHOTO
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ASEAN-ға мүше мемлекеттердің елшіліктері жаңа жылды тойлау үшін жиналды.

Олар бір-бірімен аспаздық өнерлерін көрсетіп жарысты. Мерекелік кешті Қазақстандағы Вьетнам елшілігі Нұр-Сұлтандағы ASEAN Committee-нің (NAC) қолдауымен өткізді.

Оған еліміздегі Индонезия, Малайзия, Тайланд, Вьетнам елшіліктерінің дипломаттары мен олардың отбасы, сондай-ақ ҚР СІМ Азия-Тынық мұхиты аймағы департаментінің қызметкерлері қатысты. 

Салтанатты кеш аспаздық өнерлерін паш етуден басталды. ASEAN елшілігіндегі елшілер жұбайлары, дипломаттар мен аспаздары өздерінің ұлттық тағамдарын әзірлеп, фуршет жарысына қатысты. 

Дайын тағамның біреуін безендіріп, қазылар алқасына таныстырып, дәм татқызды. Қазылар алқасының құрамында Индонезия елшісі Рахмат Прамоно, Малайзия елшісі Саид Мохамад Бакри Саид Абд Рахман, Тайланд Корольдігі елшісі Русс Джаличандра, Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Нгуен Тхи Хонг Оань мен ҚР СІМ Азия-Тынық мұхиты аймағы департаменті директоры Нұрғали Арыстанов болды. 

86988531_495526951394513_6522272584778645504_n.png

Индонезиялық аспаздар тобы ұлттық тағамдарын таныстырып, рецептімен бөлісті. 

Тумпенг (Tumpeng) – индонезиялықтардың ұлттық тағамы. Тумпенгтің басты ингредиентінің бірі – күріш, ол кокос сүтіне қайнатылады не болмаса сары түс беру үшін куркума қосылады. Содан соң пирамида түрінде ыдыстың ортасына қойылды. Жан-жағын түрлі курылған көкөніс, тауық етімен, қайнатылған жұмыртқамен толтырылып ұсынылды. 

86708024_473788843503922_3458409848306139136_n.jpg

Индонезиялықтардың айтуынша, тумпенгті 2014 жылы Мәдениет және туризм министрлігі ресми түрде ұлттық тағам ретінде қабылдаған. Бұл тағам елдегі түрлі аспаздық дәстүрін біріктіретін тағам болып есептеледі. 

86972348_892743364481074_4667628461379026944_n.jpg

Таиландтық аспаздар 

Том кха сорпасы. Әлем халқының сүйікті тағамы. Бұл сорпа денсаулыққа пайдалы.Том кха қайнату, пісіру деген мағынаны білдереді. 

87042134_1385282218317932_2794029822668439552_n.jpg

Тағамның жасалу жолы өте оңай. Оған тауық еті, кокос сүті, 2-3 лимон, саңырауқұлақ, 2-3 чили және т.б. көкөніс қосылып әзірленеді. 

86712895_547421099193608_83099645718298624_n.jpg

86875461_2326942117580896_2411368603329757184_n.jpg

Вьетнамдық аспаздар 

Спринг орамалары. Қуырылған және жаңа әзірленген орамалар. Вьетнамдықтар әдетте  ең басты ингредиент ретінде шошқаның етін пайдаланады. Бірақ бүгінгі мерекелік кеште оны тауық және сиырдың халал етіне алмастырып әзірледі. Етті бірнеше кептірілген және жаңа піскен көкөністерге араластырып (саңырауқұлақ, фасоль, сәбіз, көк пияз), күріш қағазына орап, қуырды. Осылайша, ораманың ішіне салат, күріш пастасы, жұқа етіп туралған жұмыртқа мен қуырылған тофу, қияр, ананас, сәбіз, асшаяндар салынды.

Дайын болған орамаларды балық тұздығымен (қант, уксус, лимон шырыны, ұсақталған сарымсақ, ұсақталған чили бұрышы мен қайнатылған су) ұсынуға болады.

Қуырылған орамаларды ыстық түрінде, ал қуырылмағанын салқын тіскебасар ретінде дастарханға қояды.  

86710930_1023368571366445_3254873577236725760_n.jpg

Нэм орамасы. 

86727290_828227440987050_6682825467394785280_n.jpg

Малайзиялық аспаздар 

Наси Лемак (Nasi Lemak). Жергілікті ұлттық тағам. Кокос сүтіне пісірілген күріш, жержаңғақ, қияр, қайнатылған жұмыртқа мен ащы самбал тұздығы қосылып әзірленді. Бұл тағамда ең басты қоспа – тұздық. Тұздық сәтті шықса, тағамның дәмді дайындалғаны. Бұл - Малайзияда таңғы, түскі және кешкі аста ішуге болатын қолжетімді тағам. 

86809677_2858494474210091_4100803000052744192_n.jpg

86984364_796777700816358_5749256566888988672_n.jpg

86979740_497999590913371_8573960500524613632_n.jpg

Аспаздар жарысынан кейін қазылар алқасы қатысушыларды медальмен және сыйлықпен марапаттады. 

86723714_3010775155641053_600015950682521600_n.jpg

86809024_679443352793746_3535171402195795968_n.jpg

Жаңажылдық кеш сәнін ұлттық би және музыкамен жалғастырды. Индонезия елшілігі жанындағы мәдени орталықтың студенттері ұлттық бимен қонақтардың көңілін көтерді. 

87360230_547855949422676_8060342030364049408_n.jpg

Ал вьетнамдық биші қыз күріштен жасалған барабанмен өнерін  көрсетті.

86766369_3082129088498051_6537328618404577280_n.jpg

Сондай-ақ, малайзиялықтар өздерінің дәстүрлі киім үлгілерін көрсетті.

86934104_1090105651339001_8260496469954396160_n.jpg

Ал Вьетнам елшілігінің қызметкерлері кешті әсем әнмен аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы