Елордада Арбаттың бес жылдығы қалай атап өтілді

15 Маусым 2022, 21:45
1688
Бөлісу:
Елордада Арбаттың бес жылдығы қалай атап өтілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың ерекше көңілді, шығармашыл жастарға толы көшесі – Арбатқа бес жыл толды. Шағын мерейтой түрлі іс-шаралармен, әртістердің, аниматорлардың, елорда тұрғындарының қатысуымен атап өтілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты «Вечерняя Астана» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Талантты жастар өз өнерін паш ететін, қолөнершілер, шеберлер мен коллекционерлер туындыларын жұртшылық назарына ұсынатын шығармашыл көшенің ашылғанына бес жыл болды. Бұл ғажайып орында Есіл өзенінің жағасында отырып, күннің батқанына сүйсіне қарап, таңды да атыруға болады.

Елордада Арбаттың бес жылдығы қалай атап өтілді

Арбатта бірнеше күн қатарынан шығармашылық іс-шаралар өтті. Бүлдіршіндердің асыр салып ойнап жүргеніне сүйсініп, сыңғырлаған тәтті күлкісін естуге болады. Адамның көптігінен ине шаншарға орын қалмады деп те айтуға болады.

Әлемнің әрбір қаласында шеберлер, көше музыканттары, суретшілер бас қосатын орындар бар. Олар ерекше субмәдениеттің өкіл болып есептеледі және қашанда ашық, өз талантымен өзгелерді қуантып жүреді. Есіл өзенінің жағасындағы ерекше атмосфера бұл орынды барынша тартымды, сүйікті орындардың біріне айналдырып отыр. Осындай маңызды күнді бірге атап өту үшін музыканттарды, суретшілерді, шеберлерді шақырдым. Арбаттың осы бес жыл ішінде шығармашылық тұрғыда гүлденуіне араласқандардың бәрі қазір осында, – деп өз әсерімен бөлісті жоба авторы және оның негізін қалаушы Арай Ордабаева.

Елордада Арбаттың бес жылдығы қалай атап өтілді

Алғашқы күні М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы мен Кенесары ханның ескерткішінің алдында ұйымдастырушылар концерттер мен шеберлік сыныптарын өткізді. Еркеғали Рахмадиев атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің шеруі мерекенің көркін қыздыра түсті. Жиналған қонақтар музыканттардың аяқасты пайда болғанына таң қалысып, қуанып жатты. Олардың орындауында танымал хиттер орындалды. Mortal kombat компьютерлік ойынының басты музыкалық әуені көпшілікті тәнті етті. Ересектер музыканттармен қосылып би биледі, ал балалар хор мүшелерімен бірге көңіл көтерді.

Елордада Арбаттың бес жылдығы қалай атап өтілді

Жаяу жүргіншілер көшесінің өзге тұсында аргентиналық танго мен заманауи биден шеберлік сабағы өтті. Қызықты және ерекше қимылдарды үйренгісі келетіндер қатары көп болды.

Ал осы уақытта сахнадан Полина Тирина, Әлішер Кәрімов, Маржан Арапбаева, «Найза» тобы өнер көрсетті. Күні бойы қазақ тілінде радиостримді жергілікті танымал радиостанция жүргізді.

Мерекенің алғашқы күні fire show-мен (отшашу) аяқталды. Қас қарайып, қараңғы түскеннен кейін де көңіл көтеру шаралары жалғаса түсті. Түннің ортасына қарамастан, көрермендер қатары аз болмады.

Елордада Арбаттың бес жылдығы қалай атап өтілді

Ал қаланың кішкентай тұрғындары үшін арнайы бағдарлама келесі күні ұйымдастырылды.

Бізде Арбаттың туған күніне орай көліктерді бояу дәстүрі бар. Биыл 12 көлік боялды. Бұл әдеттегідей керемет және көңілді өтті. Осындай мерекелік іс-шараларды ұйымдастырғандардың бірі – мен көбірек ләззат аламын ба, әлде оған қатысып, көңіл көтеріп жүрген бүлдіршіндер рахаттана ма деп ойлаймын, - дейді Арай.

Елордада Арбаттың бес жылдығы қалай атап өтілді

Балақайлар машинаның алдыңғы тұсына, бамперлеріне, тіпті дөңгелегіне дейін түрлі суреттер салды. Бұл маңайға жақын тұста бояуға болатын қағаз үйшік те қойылды. Оны бояп қана қоймай, сандар мен әріптерді де үйренуге болады.

Караоке алдындағы алаңда бүлдіршіндерге үлкен экраннан ертегілер айтылды. Балалар жұмбақтарды шешіп, ересектермен бірге көңіл көтерді. Арасындағы белсенділеріне ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Елордада Арбаттың бес жылдығы қалай атап өтілді

Арбатқа жиналған жұрт бұл күндері түн ортасына дейін көңіл көтерді. Бұл орын астаналықтар мен қала қонақтары үшін әдеттегідей ең танымал әрі сүйікті орындардың бірі болып қала бермек.

Өзгелердің жаңалығы