Елордада Қарағанды облысының ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

5 Қазан 2019, 07:28
1824
Бөлісу:
Елордада Қарағанды облысының ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5-6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қарағанды облысының ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Хан Шатыр» сауда  ойын-сауық орталығының жанында Қарағанды облысының ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге өңірдің 9 ауданы мен 4 қаласынан 80 шаруа қожалығы және қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелерінде барлығы 600 тоннадан астам өнім сатылады. Оның ішінде: 100 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 360 мың дана жұмыртқа, 5 тонна балық және  16 тоннадан астам басқа да өнімдер әкелінеді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу аясында «Бауырсақ және қымыз» фестивальдері ұймдастырылып, келушілер назарына өңірдің шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.


Өзгелердің жаңалығы