Елордада «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

7 Наурыз 2022, 11:23
3149
Бөлісу:
Елордада «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен 8 наурыз мерекесіне арналған «Әлемнің жарығы» атты концерт өтті.

Мерекелік концертке келген әр қонаққа гүл шоқтары ұсынылды. Эстрадалық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өткен концертте еліміздің белгілі өнер майталмандары әр шырқап, би билеп келген аналар мен қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Елордада «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Бүгінгі концерт тамаша көңіл-күй сыйлады. Есіктен кіргеннен бастап, ерекше ықыласқа бөлендік. Бізге ұсынылған көктемнің алғашқы гүл шоқтарының өзі ғажап қой. Әсем ән тыңдап, көркем би тамашаладық. Отбасымызбен жақсы дем алып шықтық. Алғысымыз шексіз, - дейді алты баланың анасы Роза Отарбаева.

Елордада «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Отбасымен бірге мерекелік концертке келген көпбалалы ана қазіргі таңда мемлекет тарапынан аналарға жасалып отырған қолдаудың жақсы деңгейде екенін атап өтті.

Елордада «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Біз жолдасым Ержан екеуміз алты баланың ата-анасымыз. Күміс алқа иегерімін. Алла қаласа жетінші балапанды күтіп отырмыз. Казіргі кезде мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау өте жақсы. Өзім балабақшада медбикемін. Жақын күндері бала күтіміне байланысты демалысқа шықтым. Жолдасымның да жұмысы мен табысы жақсы, - дейді "Күміс алқа" иегері Роза Отарбаева.

Елордада «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Ақ жаулықты аналарымды, апа-қарындастарым мен аяулы жарымды осы көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймын! Әлемнің жарығын сыйлап, ұрпағын өсіріп отырған әр-бір анаға денсаулық пен мол күш-қуат тілеймін! Елімізде бейбітшілік, әр отбасында ырыс-береке мол болсын, - дейді көпбалалы әке Ержан Алманов.

Концерт соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі тарту етілді. Мерекелік концерттен ақ жаулықты әжелер мен аналар көтеріңкі көңіл күйде шықты. 

 

Елордада «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті
Елордада «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті
Елордада «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

 

Өзгелердің жаңалығы