Елордада әлемнің үздік биологтары бақ сынайды

6 Наурыз 2024, 13:48
325
Бөлісу:
Елордада әлемнің үздік биологтары бақ сынайды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Астанада 7-14 шілде күндері оқушылар арасында биологиядан ең беделді халықаралық олимпиада IBO-2024 өтеді. Үздік биолог атағы үшін әлемнің 80 елінен 330 жас бақ сынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 
 

IBO-2024 теориялық және практикалық екі кезеңнен тұрады. Олар ғылымның негізгі салаларындағы сұрақтарды қамтиды. Бұл жасушалық және молекулалық биология, жануарлар мен адамдардың анатомиясы мен физиологиясы, генетика, эволюция, экология және т. б.

2024 жылы 35-ші рет ұйымдастырылғалы отырған әлемдік дода Астанада өтеді. Мұндай шешімді Халықаралық ұйымдастыру комитеті қабылдады. Бұл Қазақстанның әлемдік білім беру жүйесінің кеңістігіне сәтті қадамы, - деп атап өтті "Дарын" РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Аталмыш халықаралық биология олимпиадасы оқушылар үшін өздерінің зияткерлік әлеуетін ашуға және әлемдік аренада өз білімдерін көрсетуге тамаша мүмкіндік. 

NU базасында ұйымдастырылатын олимпиадада қатысушылар мен жетекшілер арнайы кәсіби білім және тәжірибе алмасады. Олимпиада мәселелерін талқылау үшін семинарлар мен конференциялар жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы