Елордада әлем акушерлерінің конгресі басталды

11 Сәуір 2024, 09:15
595
Бөлісу:
Елордада әлем акушерлерінің конгресі басталды

Астанада "Аялы алақан" акушерлік іс мамандарының I Халықаралық конгресі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл Қазақстанда өткізіліп отырған алғашқы конгрес. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

Денсаулық сақтау министрінің ең басты 3 міндеті бар. Соның біріншісі - ана мен бала денсаулығын сақтау. Бүгінгі таңда статистикаға сүйенсек әлем бойынша жылына шамамен 300 мыңнан астам ана босану кезінде қаза табады. Оның көбі алдын алуға болатын жағдайлар еді. Сондықтан бүгінгі өткізіліп отырған конгрестің осы мәселеде маңызды болмақ,-деп атап өтті.

Елордада әлем акушерлерінің конгресі басталды

Шара акушерлік қызмет жұмысын жетілдіру және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы акушердің рөлін арттыру сынды мақсаттарды алға қойды.

Конгреске әлемнің сегіз елінен - Қазақстан, Швеция, Австралия, Латвия, Беларусь, Литва, Ресей және Қырғызстаннан 250-ден аса медицина қызметкері қатысты.

Елордада әлем акушерлерінің конгресі басталды

I Халықаралық конгресс Еуропалық Одақ елдерін мысалға алып ауылдық жерлерден қалаға дейінгі акушерлік қызмет үлгілерін талқылау, жүктілік және босану кезіндегі шақалақтың жағдайын диагностикалауға акушерлердің ықпалы,перинаталдық шығын барысындағы акушердің рөлі, босану ұйымдарындағы инфекциялық бақылауға әсері және басқа да маңызды кәсіби тақырыптарды көтеріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы