Елордада 800-ден аса сарбаз әскери ант қабылдады

10 Шілде 2021, 16:32
3613
Бөлісу:
Елордада 800-ден аса сарбаз әскери ант қабылдады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ұлттық ұланнын 5573 әскери бөлімнің аумағында  жас шақырылым сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімінің салтанаты онлайн режимде өтті.

Әскери қызметке баратын және жас сарбаз курсын аяқтағандар Әскери ант қабылдады. Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 800-ге жуық жас жауынгер ант берді. Жас жауынгерлер үшін бүгін атаулы  күн. 

Елордада 800-ден аса сарбаз әскери ант қабылдады

Әр жылы азаматтық парызын орындауға Ұлттық ұлан қатарына жас өрендер келеді. Олардың негізгі мақсаты  -  азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғау болып табылады. Бұл оларға үлкен жауапкершілікті жүктейді, - деп хабарлады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Елордада 800-ден аса сарбаз әскери ант қабылдады

Елорданың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына және қаланың "қызыл аймақта" болуына байланысты салтанатты рәсім онлайн режимде, сарбаздардың жақындары мен туыстарының және ықпалдастық органдар  өкілдерінің  қатысуынсыз өткізілді. 


Өзгелердің жаңалығы