Елордада 200-ден аса үй апатты жағдайда тұр – Алтай Көлгінов

10 Қыркүйек 2022, 23:53
1159
Бөлісу:
Елордада 200-ден аса үй апатты жағдайда тұр – Алтай Көлгінов

Елордада апатты жағдайда тұрған 200-ден аса үй бар, деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қаламызда апатты күйде тұрған 200-ден аса үй бар. Соңғы үш жылда мұндай үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Биыл тағы 300-ден астам отбасыны көшіруді жоспарлап отырмыз. Елорда Даму бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері апатты үйлерден 4 мың 200 отбасы көшірілді. Бұдан бөлек тұрғын үй кешендерін жөндеу және қауіпті лифтілерді ауыстыру жұмысы қолға алынды. Мәселен, азаматтарды қабылдау барысында лифтілерді (Алматы ауданы, Күйші Дина көшесі) ауыстыру мәселесі көтерілді. Бұл үйдегі лифтілердің бір бөлігі ауыстырылды, қалған бөлігін ауыстыру жұмысы жүріп жатыр. Осыған дейін 80 лифті жаңартылды, биыл тағы 40-ға жуық жеделсатыны жаңартуды жоспарлап отырмыз. Келер жылғы жоспарға әзірге 30 лифті енді, тізімді толықтыру жұмысы жүріп жатыр, - деп жазды әкім парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы