Елордада 19-20 қараша күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

19 Қараша 2022, 08:25
963
Бөлісу:
Елордада 19-20 қараша күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Демалыс күндері, яғни 19-20 қарашада Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Ол Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған, деп хабарлады BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге тауар өндірушілер қатысады. Олар бірқатар тауар түрін ұсынады: ет және шұжық өнімдерінің түр-түрі, ұн және макарон өнімдері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің барлық түрі: көкөністер, нан, жарма, жұмыртқа, күнбағыс және май, сүт өнімдері, қант және тағы басқалар.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңке Жүргенов, 29 және Сауран, 7 мекенжайы бойынша елорданың оң және сол жағалауында өтеді. Жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Ал өнімдер нарық бағасынан 10-15%-ға төмен сатылады. Мұндай жәрмеңкелердің басты мақсаты – астаналықтарға қолжетімді азық-түлік себетін жинауға мүмкіндік беру.

Айта кету керек, елімізде Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарашаның әр үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Мереке аясында мұндай жәрмеңкелер Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы