Елордада 16 автобус бағытын өзгертті

3 Сәуір 2022, 09:45
1384
Бөлісу:
Елордада 16 автобус бағытын өзгертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада бірнеше қоғамдық көліктің бағыты өзгерді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.

Жол жабыны қалпына келтірілгенге дейін № 24, 45, 46, 15, 15А, 22А, 14, 5А, 6, 16, 37, 72 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Сондай-ақ Қосшы қаласына қатынайтын № 302, 303, 320, 323 бағдар автобустары жолдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін «Лесная поляна» тұрғын үй алабына кірмей Республика көшесімен тура жүреді.

Жол жұмыстарына және айналма жолдың мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығынан зиратқа бұрылуға дейінгі учаскесінің жабылуына байланысты №69 бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Өзгелердің жаңалығы