Елордада 12 жасар оқушы жоғалып кетті

Елордада 12 жасар оқушы жоғалып кетті
374

Астана мектебінде оқитын 12 жастағы бала табылмай жатыр деп хабарлады BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде оқушының туған-туыстары мен жақындары оның жоғалғаны туралы ақпарат таратқан болатын.

№90 мектептің оқушысы кешеден бері үйіне оралған жоқ. Барынша таратуларыңызды өтінемін, – делінген әлеуметтік желіде тараған ақпаратта.

Бұл жайтқа қатысты Астана қалалық Ішкі істер департаменті де мәлімет таратып, полиция баланы іздеп жатқанын атап өтті.

Осы жылдың 30 қазан күні елорда тұрғыны полицияға жүгініп, 12 жасар баласын іздеуге жәрдем берулерін өтінді. Ұлы сол күні сағат 16.00-де Трудовая көшесіндегі үйінен ойнауға шығып кеткен. Қазіргі уақытта оның қай жерде екені белгісіз, – деді департаменттен.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, баланың бойы – 145-150 см. Шашы қысқа, қара.

Үстіне капюшоны жоқ қою қызыл түсті қысқа балон күрте, бұтына ақ жолақтары бар қою көк түсті трико, аяғына қара кроссовка киген.

Жоғалған бала туралы мәлімет Полиция департаментінің жеке құрамына таратылған. Қажетті жедел іздеу және тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар баланы іздеу жұмысына волонтерлер көмектесуде. Қазіргі уақытта бала жүруі мүмкін бағыттардың бәріндегі бейнебақылау камералары тексерілуде. Мұнан бөлек, кәмелетке толмаған жасөспірімнің бірінші рет жоғалмағаны анықталды. Нәтижесіне қарай отбасы жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция қызметкерлерінің ерекше бақылауына алынады, – деп нақтылай түседі ведомстводан.

Жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білетін қала тұрғындары мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: 8 (7172) 71-65-57, 71-65-58, 71-60-27 немесе 102.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы