Елордада 113 млрд теңгеден аса сомаға медициналық қызмет көрсетілді

18 Желтоқсан 2020, 09:10
1490
Бөлісу:
Елордада 113 млрд теңгеден  аса сомаға медициналық қызмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ7 2020 жылдың 11 айында 113 млрд теңгеден аса сомаға медициналық қызмет көрсетілді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың ішінде ТМККК аясында – 76,5 млрд теңге, МӘМС жүйесінде – 36,6 млрд теңге. Осы аралықта көрсетілген консультативтік-диагностикалық қызметтерге 14,3 млрд.теңге төленді, 5409 жоғарытехнологиялық медициналық қызметтерге – 1 млрд.теңгеден астам, 97 536 стоматологиялық қызметтерге – 225 млн теңге төленді. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша стационарларда емделгендер (61,9 млрд.теңге сомасына) саны - 199 363, - деп хабарлады брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров. 
Медициналық сақтандыру қоры 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 100 қызмет жеткізуші медициналық ұйыммен (2019 жылы – 105 қызмет жеткізуші) келісімшартқа отырған. Олардың 32-і – мемлекеттік, 60-ы – жекеменшік, 8-і республикалық медицина ұйымдары. Оның ішінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым – 35, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар – 30, стационарды алмастыратын көмек көрсетушілер – 77, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін медициналық мекеме – 12. 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындар саны - 1 171 302  (ҚР бойынша - 18 809 210). Олардың ішінде 648 978 тұрғын жеңілдігі бар санатқа жатады, бұл барлық тұрғындардың 55%-на жуық, олар үшін жарнаны мемлекет төлейді. 

Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша: 540 768 – жалдамалы жұмыскерлер; 47 899 – жеке кәсіпкер, азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істейтіндер – 28 155; бірыңғай жиынтық төлем бойынша жарна аударғандар - 169 504; өз бетінше жарна төлейтіндер саны - 15 572. 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сақтандырылған тұрғындар саны - 965 735 (бұл елорда тұрғындарының 82,4%-ға жуығы.) Елордада сақтандырылмаған азаматтар үлесі 17,6%-құрайды. 

           COVID-19 бойынша медициналық көмек көрсету 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша COVID-19 короновирусымен ауырғандарға медициналық көмек көрсететін 5 907 төсек-орын әзірленіп, 32 567 пациент емделген. Оның ішінде 3 422 инфекциялық төсек-орындарда - 13 319 пациент; 2 483 провизорлық төсек-орындарда - 10 234 пациент; карантиндік төсек-орындарда 9 104 пациент емделді.
6 медицина ұйымымен тікелей келісімшарт жасалды. 7 медицина ұйымымен қосымша орындауға келісімшарт жасалды. 

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қор тарапынан Нұр-Сұлтан қаласы бойынша COVID-19 пен қүрес шараларына ақы төлеуге 18 млрд тенге сомасына келісімшарт жасалды. Олардың ішінде ТМККК қаржыландыру көзі бойынша сумму 17, 3 млрд тенге сомасына, МӘМС қаржыландыру көзі бойынша 714 млн тенге сомасына келісімшарт жасалды. Келісімшарт нақты орындалған қызметтер бойынша жасалады.  


Өзгелердің жаңалығы