Елордада жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

28 Қыркүйек 2019, 15:44
1476
Бөлісу:
Елордада жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңғы және кешкілік аралау кезінде қала әкімі проблемалық тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті. 

Мәселен, ЖК "Жағалау-3" барлық үйде терезелер орнатылды және ішкі инженерлік желілер жүргізілді. Ғимараттың қасбетін нығайту, кіреберістерде плиткалар орнату жұмыстары жалғасуда. 

А. Көлгінов атап өткендей, құрылыс қарқыны әлсіз, ТК аумағындағы жұмысшылар санын арттыру қажет. 

"Территория Комфорта-2" тұрғын үй кешені 2004 жылы тұрғызыла бастаған. Аралау барысында қала тұрғындары асфальт төсеуді сұрады. Үйге техникалық тексеру жүргізілді және жол бөлігі асфальтталды. Ғимараттың қасбетін нығайту және паркингтің құрылымын нығайту керек. 

Қалада барлығы 51 (76 үй) проблемалық ТК бар. Жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі. Құрылыс барысын Nur Otan және мәслихат депутаттары бақылайды.

Өзгелердің жаңалығы