Елорда тұрғынынан патрондары бар травматикалық тапанша тәркіленді

22 Қазан 2022, 20:46
1451
Бөлісу:
Елорда тұрғынынан патрондары бар травматикалық тапанша тәркіленді

Бұл туралы polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сағат 22.25-те Ш.Бейсеков – Ш.Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында Toyota Estima автокөлігін ұстады. 

Тексеру барысында 30 жастағы жүргізушінің барсеткасынан 2 оқпен жарақтандырылған Стражник МР-461 травматикалық тапаншасы табылып, тәркіленді.

Маманның қорытындысы бойынша тапанша 18х45 мм калибрлі, зауыттық типте жасалған және атуға жарамды оқпансыз атыс қаруы болып шықты.

Елорда тұрғынынан патрондары бар травматикалық тапанша тәркіленді

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі “Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Баптың санкциясы 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі қылмыстық жазаны немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Өзгелердің жаңалығы