Елорда тұрғындарының 82,6%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Елорда тұрғындарының 82,6%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған
839

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғын халықтың медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін, халықты қамту жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындардың  82,6%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған.», - деп хабарлайды  әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.
 

Осы жылдың І тоқсанында  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МӘМС жүйесіне қатысушылар саны 5817 адамға көбейді: 2022 жылдың қаңтар айында 1 025 256 адам болса, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіш - 1 031 073. Дегенмен елорда тұрғындарының  217 728-і МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. 
 
«МӘМС бойынша медициналық көмек (толық тізбемен Қор сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://fms.kz/kz/useful-to-know/chto-mozhno-poluchit-besplatno-osms/) «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі бар азаматтарға көрсетіледі. Бұл ретте 15 жеңілдік санатындағы 11 млн адамға мемлекет жарна төлейді. Бұл адамдар сақтандырылған және қосымша ақысыз медициналық көмек алуы тиіс.
 
 

Сақтандырылмаған азаматтарға медициналық қызмет тек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде ғана көрсетіледі, оған шұғыл жағдайларда медициналық көмек, учаскелік маманның қабылдауы, шұғыл операциялар, әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, т.б. (толық тізбемен Қор сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://fms.kz/kz/useful-to-know/chto-mozhno-poluchit-besplatno-gomb/) кіреді», - деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордадағы филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы