Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және карантин режимінің сақталуы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында қала тұрғындарын вакцинациялау қашан басталатынын айтты.
1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлерін вакцинациялау басталғаны белгілі. Бүгінгі күні 2 008 медицина қызметкері егілді. Бұл – жедел жәрдем, бастапқы медико-сантарлық көмек, инфекциялық стационарлар, реанимация бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық және экспертиза орталықтары, қалалық стационарлар қызметкерлері. Екінші кезеңде педагогтар мен күштік құрылым қызметкерлеріне екпе салынады. Одан әрі, сәуір айында студенттер кезекті тұр. Қала тұрғындары шамамен, мамыр айында егілетін болады, - деп атап өтті Сархат Бейсенова.
Ол бұған дейін қала тұрғындары арасында ауырғандардың 24,7%-ның негізгі үлесін 30-39 жастағы адамдар құрайтынын айтқан болатын. Елордалық бас санитардың айтуынша, ПТР тестінің теріс нәтижесі бар коронавирустық инфекция жағдайлары бойынша бас-аяғы 80 жағдай тіркелген (қаңтарда – 55, ақпанда – 25). Соңғы тәулік ішінде инфекцияның 72 жағдайы анықталды. Оның 49-ы симптоматикалық жағдай болса, 23-і симптомсыз түрі. Барлығы 84 ошақ тіркелді, оның 66-ы үйде, 18-і ұйымдаспаған топтарда. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 7,17%-ға төмендегені байқалады.
Оқи отырыңыз: