Елорда тұрғындарын шетелге барудан бас тартуға шақырды

8 Желтоқсан 2021, 13:42
1368
Бөлісу:
Елорда тұрғындарын шетелге барудан бас тартуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Омикрон» коронавирусының жаңа штамы бүкіл әлемде алаңдаушылық тудырып отыр.

КВИ-дің жаңа түрі 32 мутацияға ие және «дельтаға» қарағанда жұқпалы. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова брифинг барысында қалада «омикрон» штамының таралуына жол бермеу бойынша қандай шаралар қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын ВАК-қа «омикрон» штамының ел аумағында таралуына жол бермеу мақсатында мынадай шаралар қабылданған болатын:

- ҚР-ға 11 елдің азаматтарының кіруі тыйым салынды;

- «омикрон» коронавирустық инфекция штамы нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келетін адамдар, оның ішінде Израиль, Чехия, Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет міндетті түрде вакцинацияға қарамастан 72 сағаттан кеш емес ПТР-тестілеу нәтижесі арқылы өтеді.

«Омикрон» тудырған коронавирустық инфекция жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР-тестінің нәтижесіне қарамастан 7 күн мерзімге үй карантині түрінде оқшаулануға жатады. Нұр-Сұлтанда бүгінгі таңда «омикрон» коронавирустық инфекция штамы нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден 227 адам үй карантинінде, олардың тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылау жүргізілуде. Барлық 227 адамның ПТР-тесті теріс нәтиже көрсетті. Жаңа штамм бұрынғыға қарағанда жұқпалы болып келеді. Мен сіздерді шетелге ұшудан бас тартуға және осы зиянды вирусқа сақтықпен қарауға шақырамын, - деп түсіндірді Сархат Бейсенова.
Ол сонымен қатар қауіпті вируспен күресте вакцинацияның маңыздылығы мен тиімділігін еске салды.
Өзгелердің жаңалығы