Елорда мектептері дәстүрлі оқу кезінде қандай талаптарды сақтауы қажет

28 Тамыз 2021, 15:52
8618
Бөлісу:
Елорда мектептері дәстүрлі оқу кезінде қандай талаптарды сақтауы қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфир кезінде қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева айтты.

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай «қара қызыл» аймақта орналасқан. 25 тамызда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №36 қаулысы жарияланды. Құжат мәтінінде білім беру объектілерінің, яғни колледждер, мектептер, университеттер, интернаттар, жатақханалар жұмысы бойынша талаптар бекітілген.

Айта кетсек, елордада шектеу шаралары жеңілдетілді.

2021-2022 оқу жылдары мынадай талаптарды сақтай отырып, штаттық форматта оқуға рұқсат етілді:

  • соңғы үш ай ішінде тұрақты қарсы көрсетілімі бар және коронавируспен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, педагогтар мен персоналды 100% вакцинациялау;
  • Ashyq қосымшасы арқылы педагогтарды, қызметкерлерді, ата-аналарды, оқушыларды білім беру объектілеріне жіберу;
  • Маска режимін сақтау;
  • зертханалық және практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін жою;
  • санитайзерлердің, антисептиктердің және басқа да жеке қорғану құралдарымен толығымен қамтамасыз ету;
  • мекемені жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру.

Жанна Пірәлиева балабақшаларда кезекші кешкі топтар құруға тыйым салынатынын айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін ол қалада коронавирус жұқтырғандар саны төмендегенін айтқан еді.


Өзгелердің жаңалығы