Елорда маңындағы жасыл белдеуге тағы да 700 қырғауыл жіберілді

21 Сәуір 2022, 11:49
2737
Бөлісу:
Елорда маңындағы жасыл белдеуге тағы да 700 қырғауыл жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы «Астана орманы» ЖШС-мен бірлесе отырып қырғауыл өсірумен (жерсіндіру) айналысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл «Елорданың жасыл белдеуіндегі» жануарлар әлемін түрлендіру үшін қолға алынып отыр. Қырғауыл құсын жерсіндіру мақсатында биологиялық негіздеме алынды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеу аймағында аңшылық қырғауылды жасанды өсіру және жерсіндіру үшін қырғауыл тұрағы салынды. Мұнда жыл сайын 1000-нан астам балапан өсіріледі, ал ересектері босатылады.

Осы жылдың 16 сәуірінде басқарма «Астана орманы» ЖШС-мен, «Астана Ветсервис» ШЖҚ МКК-мен және Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп 700 қырғауыл шығарды. Шығарылған құстар жасыл белдеу аумағына таралады. Еркін қырғауылдар негізінен «Жасыл белдеудің» майда ағаштар учаскелерінде немесе жидек түріндегі тұқымдары бар бұталы тоғайларда өмір сүреді. Олар негізінен судың маңында, қалың қамыс пен су қоймаларының жағасында, өрмелейтін және тікенді бұталарға бай қалың орманды тоғайларға жақын жерлерде жүреді. Еркін қырғауылдар аязға жақсы шыдайды.

Қырғауыл құсын өсіру мынадай проблемаларды шешуге көмектесті:

- зиянды жәндіктермен күрес (зиянкестерден қорғанудың биологиялық әдісі). Осыдан орман зиянкестеріне қарсы қолданатын пестицидтерді қолдану алаңы 2010 жылдан 2018 жылға дейін 350 гектарға қысқарды.
- жасыл аймақтың жағдайы табиғи орманға айналуы.
- Қазақстанда қырғауылдардың мекендеу орнын кеңейту.

Өзгелердің жаңалығы