Елорда маңындағы өңірлерінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде

6 Сәуір 2022, 12:36
2087
Бөлісу:
Елорда маңындағы өңірлерінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Елорда маңындағы өңірлерінде, әсіресе Целиноград ауданында қар суын сору жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Целиноград ауданында қардың белсенді еруінен бастап 200 мың текше метрге жуық су сорылды.

Елорда маңындағы өңірлерінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаевтың айтуынша, қазір су тасқынының белсенді кезеңі жүріп жатыр.

Елорда маңындағы өңірлерінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде
Елорда маңындағы өңірлерінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Департаменттің қосымша қызметтері ауданға 2 сәуірде келген болатын. Сол күні тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қабылданды. Сондай-ақ, қалыптасқан жылы ауа-райына және температураның жоғарылауына байланысты егістіктерде еріген ағын пайда болды және 3-4 күндері егістіктерден еріген сулар ауыл арқылы өте бастады. Қоянды кенті бойынша ТЖМ жеке құрамынан 51 адам, 10 техника және 8 мотопомпа жұмылдырылды. Сондай-ақ, министрдің шешімі бойынша 52859 сағатта Азаматтық қорғаныс полкінің күштері тартылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтан келіп түскен барлық өтінімдерді пысықтаймыз, – деп бөлісті Қанат Доспаев.

Елорда маңындағы өңірлерінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде
Елорда маңындағы өңірлерінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде және басқа да елді мекендерінде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.

Елорда маңындағы өңірлерінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Жалпы, тасқын суларды қауіпсіз өткізу мәселесі ерекше бақылауда, тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы