"Елорда қызыл аймақта". Әкім шектеу шаралары күшейетінін ескертті

16 Наурыз 2021, 21:35
1495
Бөлісу:
"Елорда қызыл аймақта". Әкім шектеу шаралары күшейетінін ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов осыдан тура бір жыл бұрын коронавирус індетіне байланысты шектеу шаралары енгізілгенін еске алды. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Тура бір жыл бұрын елімізде әлемдік пандемияға байланысты төтенше жағдай енгізілді. Қала аумағында блок-бекеттер орнатылып, "коменданттық сағат" жарияланды. Содан бері медицина қызметкерлері коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде келеді. Мемлекет жедел қабылдаған шаралардың арқасында індеттің таралу қаупін азайту мүмкін болды. Дегенмен, вирус әлі де бар. Қазір елорда қызыл аймақта. Бірқатар карантиндік қосымша шектеулер қойылды - деді ол.

Сонымен қатар ол 21 наурызда қалада локдаун жарияланатынын ескертті.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, тіркелген жағдайлардың өсуі - мереке алды және мереке күндері байқалады. Осы жексенбі, 21 наурызда қалада локдаун жарияланады. Барлық бұқаралық шараларға тыйым салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына ештеңе де қауіп төндірмеу керек. Жағдайға немқұрайлы қарай алмаймыз, себебі індетке қайта шалдығу қаупі бар. Коронавирусты жеңіп шыққанның өзінде де денсаулықты күткен жөн. Қиын кезеңнен ауызбіршілікпен өтуіміз керек. Инфекция жұқтырған адамдардың санының күрт өсуіне жол бермеуіміз керек. Коронавируспен күресудің тиімді әдістерінің бірі - вакцинация. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, санитария нормаларын сақтап қана қалыпты өмірге орала аламыз - деді Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы