Елорда күніне орай халықаралық сән мерекесі өтеді

5 Шілде 2019, 11:01
2601
Бөлісу:
Елорда күніне орай халықаралық сән мерекесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық сән агенттігі елорда тұрғындары мен қонақтарын Turan Fashion Day халықаралық сән мерекесіне шақырады. Шара 7 шілдеде Mega Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында өтеді, деп хабарлады Елорда Инфо. 

Сәнді киім үлгілерінің көрсетілімі перспективті және талантты киім дизайнерлерін, қатысушы-балаларды анықтауға және оларға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. 

Шараның басты мақсаты – жас дизайнерлерге, сән агенттіктеріне өз мүмкіндіктерін паш етуге, сондай-ақ халықаралық агенттіктермен іскерлік байланыс орнатуына жол ашу.  

Шара қонақтары – Модный Дом журналының (Мәскеу, Ресей), VOGUE fashion журналының (Брюссель/Вашингтон/Мәскеу) және Silk Road Fashion Roadfashion жобасының өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы