Елорда көктемгі су тасқынына дайын ба?

3 Наурыз 2021, 15:28
1340
Бөлісу:
Елорда көктемгі су тасқынына дайын ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қаланың ТЖД басшысының орынбасары Есен Байыров елорданың су тасқынына қарсы дайындығы туралы айтып берді.

Осы жылы ақпаннан бастап қалалық әкімдікте Нұр-Сұлтан қаласы аумағын көктемгі тасқын судың жай-күйі және дайындығын бақылайтын комиссия құрылды. Комиссия шешімімен елордада 29 анықталып, бекітілді, - деді ол.

2020 жылы су тасқынына жататын 37 аймақ болған. Бүгінгі күні оның саны 8 участокке азайды. Бұл әкімдікпен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

2021 жылдың 12 ақпанынан бастап ТЖМ орталық және жергілікті атқарушы органдармен су тасқынының қауіп кезеңгіне дайындық мәселесі бойынша ведомстволық мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Қазіргі жағдай бойынша қала аумағында 763 145 метр3 қар шығарылды. Елорда бойынша 11 полигон бекітілген. Бұл полигондарда қар шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп айтты Есен Байыров.

ТЖД өкілі атап өткендей, алдағы міндет - 4-5 наурызда тиісті органдармен бірлесіп, «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізу.  

Бүгінгі күні қалада су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін «Астана тазалық» базасында 12,6 инертті материалдар қоры және 3,5 мың қаптар дайындалды. Алдағы көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары бойынша азық-түлікпен жабдықтау бойынша екі меморандум және жатақхана дайындығы бойынша бір меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта 4 қонақүй, 10 уақытша орналасу пунктері дайындалды. Оқу-жаттығу кезінде осы қонақжайлар мен пунктер тексеріледі, - деп айтты ол.

Есен Байыровтың сөзінше, елорда аумағы су тасқынына дайын деп айтуға болады.


Өзгелердің жаңалығы