Елорда әкімі №2 қалалық аурухананың жұмысымен танысты

4 Қараша 2019, 19:06
1630
Бөлісу:
Елорда әкімі №2 қалалық аурухананың жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңертеңгі аралау барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов №2 қалалық ауруханаға барды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли клиниканың екі ғимараты арасындағы өткел жол құрылысын, 3Н жүйесі мен аурухананың материалдық-техникалық базасын талқылады. Клиниканың бас дәрігері Иван Ли 3H жүйесінің жұмысы туралы айтты. 3H емделушілерді үш бөлікке бөледі: шұғыл көмек, орташа, жасыл бөлікте пациенттерді тіркеудің электрондық жүйесі ұйымдастырылған.

Қызыл бөлікте-қарқынды терапияның реанимациялық палаталары ұйымдастырылған: пациентті жасанды тыныс алу аппаратына бірден көшіруге, және т. б. жасауға болады. Автобус ірі жол-көлік оқиғасы түскен кезде барлық 29 зардап шеккендер біздің қызыл бөлікке келіп түсті. Сары бөлікте қарау кабинеттері ұйымдастырылған. Пациент сол жерде анализ тапсырып, мамандардың кеңесін ала алады, - деді И. Ли.

Жасыл бөлікте науқастарды тіркеудің электрондық жүйесі ұйымдастырылған. Оператор алғашқы диагностиканы жүргізіп, қарау үшін мамандарды шақырады.

Кездесу барысында клиниканың екі ғимараты арасында өткел жолды салу, компьютерлік томографияны сатып алу мен машиналарға арналған тұрақ орындарының санын арттыру қажеттігі айтылды. Өткел жолда кешенді-диагностикалық бөлімшесі бар қабылдау бөлмесі болады. Бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді және пациенттер үшін қолайлы жағдай жасайды. Қала әкімі Алтай Көлгінов жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы