Елорда әкімдігі мен «Даму» қоры кәсіпкерлікті дамыту жолдарын талқылады

31 Шілде 2019, 10:48
1775
Бөлісу:
Елорда әкімдігі мен «Даму» қоры кәсіпкерлікті дамыту жолдарын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Гауһар Бөрібаева кәсіпкерлікті дамытудың болашағы мен аз қамсыздандырылған отбасыларды қолдау шараларын талқылады. Бұл туралы қала әкімдігінің рсеми сайтында хабарланды.

Бұл жиынға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақ басшылары және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал басшысы қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті дамытуды қамтамасыз етіп, азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін шешуді тапсырды. Осыған орай Елорда әкімі Алтай Көлгінов басым бағыттарды атап көрсетті.

Біріншіден, экономиканың қарапайым секторларын жүзеге асыруға ден қою керек. Бұл бағдарламаға сәйкес кәсіпкерлер жылдық үстемесі 6% несие ала алады.

Екіншіден, қазіргі кездегі 7 бағдарламаны бір бағдарламаға сәйкестендіргенде қаржының жалпы сомасы 7 миллиард теңге шамасын құрайды.

Бағдарламаны қаржылай қолдау шараларын жүзеге асыру басталғаннан бері 1800-ден астам жеке кәсіпкерлік субъектісі қамтылып, 9 мың жаңа орын құрылған. 18 мыңға жуық жұмыс орны сақталды.

Кездесу соңында тараптар кәсіпкерлікті дамыту саласы бойынша алдағы уақытта ынтымақтастықты нығайту жоспарларымен алмасты.

 

Өзгелердің жаңалығы