Елорда бір айдан бері «қызыл аймақта» тұр

8 Сәуір 2021, 11:26
1261
Бөлісу:
Елорда бір айдан бері «қызыл аймақта» тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Елорда бір айдан бері «қызыл аймақта» тұр. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Жыл басынан бері қалада сырқаттанғандар саны 15 мыңнан асты. Пандемия басталғалы бері 34007 жағдай тіркелді. Оның ішінде 21957 симптоматикалық және 12050 жағдай симптомсыз. Ақпан айында қаңтармен салыстырғанда сырқаттану динамикасы 25 пайызға төмендеген. Ал наурыз айында жұқтырушылар саны күрт өсті. Және наурыз айы мен сәуірдің жеті күнінің қорытындысы бойынша қаңтар мен ақпанға қарағанда 2338 жағдайға көбірек. Соңғы тәуілікте 538 бастапқы жағдай тіркелді. Симптомдары бар 404 жағдай, төрт симптомсыз жағдай. Соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі өткен аптамен салыстырғанда 23 пайызға жоғары, - деді ол.
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдайда тұрақтандыру үшін карантин талаптарын сақтау маңызды. Алайда тәртіпке бағынбау жағдайлары азаяр емес. Бұл, әсіресе, кәсіркерлік субъектілеріне қатысты. 
Қазір қаланың әр ауданында сегіз мониторингтік топ жұмыс істеп тұр. Қаңтар мен ақпанның ортасы аралығында мониторингтік топ басқармаға 287 шектеу шараларының талаптарын бұзушылық туралы шағым жолдады. Оның аясында 279 нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 237 хаттама толтырылды.Сонымен қатар 238 заңды және жеке тұлғаға айыппұл салынды, - деді ол.   
Сархат Бейсенованың айтуынша, карантин талаптарын бірнеше мәрте бұзып, хаттама талаптарын орындамаған нысандардың ісі әкімшілік сотқа жолданды. Осы кезеңге дейін ондай 47 жағдай тіркелген. Оның ішінді 36 кәсіпкерлік субъектісіне 6 млн теңгеден астам айыппұл салынып, қызметі бір айдан алты айға дейін мерзіміге тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы