Елорда әкімінің грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

25 Тамыз 2021, 23:01
5626
Бөлісу:
Елорда әкімінің грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне берілетін қала әкімінің грант иегерлері анықталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Биыл тұңғыш рет спортшыларды қолдау мақсатында спорт мамандығы бойынша 50 грант берілді. Арнайы құрылған комиссия мүшелері азаматтардың Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарын қарастырды.

Заңнамаға сәйкес өтініш білдірген талапкерлердің спорттық атақтары мен 2019-2021 жылдарғы спорттық жетістіктері, яғни Қазақстан Республикасының чемпионаты, халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып, орын алған спортшылар, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, толық емес отбасы, мүгедек спортшылардың отбасылары ескеріліп, конкурстық комиссия шешім қабылдады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің грантын алғандардың тізімін мына жерден көруге болады.

Өзгелердің жаңалығы