Елордаға кіреберісте ұзын-сонар кептеліс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты, яғни екпінді жел мен көктайғақтың кесірінен жолдарға шектеу қойылып, мектептерде сабақ тоқтатылды. Дегенмен қала маңында тұратын тұрғындар посттан өтпек болып жатыр. 

 27 Ақпан 2020, 12:15
27 Ақпан 2020, 12:15
2662

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты, яғни екпінді жел мен көктайғақтың кесірінен жолдарға шектеу қойылып, мектептерде сабақ тоқтатылды. Дегенмен қала маңында тұратын тұрғындар посттан өтпек болып жатыр. Салдарынан ұзын-сонар кептеліс пайда болды. 

Видеода Қосшы маңындағы трассадағы кептеліс. Куәгер көлігінен шығып, жол бойындағы кептеліс пен жол апатын түсіріп алған екен.

Видеодан көріп отырғанымыздай, көліктер жол бойында бей-берекет орналасқан.

Мында 20 шақты машина бар. Кептеліс. Сондықтан қаладан шығуға асықпаңыздар, - дейді көлік иесі.


Наверх