Елорадада KIOSH –2023 көрмесі өтті

25 Мамыр 2023, 17:41
1108
Бөлісу:
Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елорадада KIOSH –2023 еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі XI қазақстандық халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көрме аясында Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен конференция болды.

Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті
Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті
Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті

KIOSH –2023 көрмесінде өнеркәсіп саласына қажетті қорғаныс құралдарының кең ассортименті ұсынылған. Арнайы киім, арнайы киімге арналған фурнитура, аяқ-киім, арнайы киімге арналған мата және материалдар, респираторлар, дулыға, көзілдіріктер, қолғаптар, өлшеу құралдары, құрылысшылар мен өнеркәсіптік альпинизмге арналған қорғаныс құралдары, ауа тазалағыш жүйесі барлығы бар.

Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті
Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті

Конференцияда «Жаңа сын-қатерлер призмасы арқылы еңбекті қорғаудың тұжырымдамалық негіздері» тақырыбындағы пленарлық сессиясында спикерлер өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жұмыс орындарындағы проблемалар, оларды шешу жолдары, сондай-ақ үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу жайлы талқылады.

Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті
Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті

Жаңа әлеуметтік саясат елімізде жүргізіліп жатқан терең саяси жаңғыру мен экономиканы ауқымды трансформациялаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Оны іске асыру жолындағы маңызды қадам бұл Мемлекет басшысы қол қойған Әлеуметтік кодекс болды.

Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті

Әлеуметтік кодексті Достастық мемлекеттері елдерінің тәжірибесіне енгізілген алғашқы тұтас әлеуметтік құжат деп атауға болады. Кодекс адамның туғаннан егде жасқа дейінгі бүкіл өмірлік циклін қамтиды, өмірлік жағдайға байланысты өмірдің әртүрлі кезеңдерінде азаматтарымызды мемлекеттік қолдау шараларын анықтайды. Жаңа әлеуметтік саясат аясында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыру және жұмыспен қамтылған халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру арқылы еңбек ресурстарын үнемдеуге ерекше назар аударылатын болады», – деді Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыскерлердің еңбек өмірінің сапасын арттыру және еңбек ресурстарын үнемдеу екенін жеткізді.

Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың орнына кәсіби тәуекелді бағалауды енгізу ұсынылады. Ол 5 өлшемшартты яғни, еңбек жағдайларының зияндылығы, жарақат алу қаупінің көрсеткіші, жабдықтардың қауіпсіздігі, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және сырқаттану деңгейін ескере отырып жүргізіледі, - деді Тамара Дүйсенова.

Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті

Алматы қаласындағы «Казлегпром-Алматы» тігін және аяқ киім фабрикасы да өнімдерін ұсыну үшін көрмеге арнайы келген. Қазіргі уақытта фабрика 700 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мемлекеттік тапсырыс, сондай-ақ тендер арқылы өз өнімдерін сатылымға шығарып жүр.

Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті

Құрылғылардың көпшілігін Германиядан алып келдік. Ұзынағаштан да арнайы цех аштық. Ол жерде 130-ға жуық адам қызмет етеді. Орташа 20-250 мың теңге жалақы алады. Жұмысқа келген адамдарды «Шебер» деп аталатын оқу орнында арнайы курстан өткіземіз, үйретеміз. Елімізде маман жетіспеушілігі бар. Тігінші оқуына бармайды,- «Казлегпром-Алматы» ЖШС директоры Олжас Зияханов.

Қытайлық TR Protect компаниясы да көрмеге өнеркәсіпке қажетті киім үлгілерін алып келген. Компания ұсынып отырған киімдердің бір ерекше тұсы арнайы пауэрбанк арқылы киімді жылытуға болады. Пауэрбанкті зарядтап алып, киімнің қалтасына салып қойып жүру керек. Сол арқылы арқа тұсындағы арнайы қалташаға жылу барып тұрады. Адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ. 6 сағат бойы жұмыс істейді. Киімдерге де осы көрме аясында тапсырыс түскен.

Елорадада KIOSH –2023  көрмесі өтті

Киімнің матасы Қытайда өндіріледі. Оттан қорғануға арналған киімдеріміз де бар. Бағасы да тиімді. Бұл көрмеге алғаш рет қатысып отырмын. Маған ұнады. Киімдеріміз Португалия, Италия, Франция, Германия елдеріне экспортта шығарылады, - дейді TR Protect компаниясының бас директоры Жак Лин.

Өзгелердің жаңалығы