Еліміздің жеті өңірінде ескерту жарияланды

14 Ақпан 2021, 01:15
1173
Бөлісу:
Еліміздің жеті өңірінде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 14 ақпандағы ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жариялады.

Атырау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Атырау қ.: 14 ақпанда түнде көктайғақ күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с. Орал қ.: тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. 

Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерінде күші 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының кей жерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: тұман күтіледі. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласы: Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Күндіз кей жерде көктайғақ, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Күндіз кей жерде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы