Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

16 Қазан 2023, 07:40
444
Бөлісу:
Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: BAQ.KZ

16 қазан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, дүйсенбіде Ақтөбе, Алматы, Жезқазған, Шымкент қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метео жағдайы күтіледі.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы