Еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат

27 Сәуір 2023, 11:05
647
Бөлісу:
Еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі. Мен бұған дейін де айттым. Еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. Бұл жалаң ұран емес, әр азаматтың күнделікті ұстанымы болуы керек, - деді Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысында.

Президенттің айтуынша, халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі.

Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – теңдессіз жетістік!, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы