Еліміздің саяхаттауға арналған ең керемет 20 аймағы бекітілді

28 Ақпан 2024, 16:28
372
Бөлісу:
Еліміздің саяхаттауға арналған ең керемет 20 аймағы бекітілді
Фото: BAQ.KZ - архив

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жуырда туризмді дамыту саласындағы 2023 жылғы қызмет қорытындылары мен 2024 жылға арналған басым міндеттер туралы алқа отырысында Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басым аумақтардың тізімі 10-нан ТОП-20-ға дейін кеңейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандағы ТОП-20 басым туристік аймақтың толық тізімі мынадай: 

  • Хан Ордасы (БҚО),
  • Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе обл.),
  • Туристік кешен (Қостанай обл.),
  • Щучье-Бурабайдағы «Ақбура» курорттық аймағы (Ақмола обл.),
  • Имантау-Шалқар курорттық аймақтары (СҚО),
  • Баянауыл (Павлодар обл.),
  • Катон-Қарағай курорттық аймағы (ШҚО),
  • Алакөл курорттық аймағы (Абай обл., Жетісу обл.),
  • Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қ., Алматы обл.),
  • «Көксай resort» (Жамбыл обл.),
  • Балқаш (Қарағанды обл.),
  • Түркістан (Түркістан обл.),
  • Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда обл.),
  • Ұлытау ауылы (Ұлытау обл.),
  • Жылы жағажай (Маңғыстау обл.),
  • Сарайшық қалашығы (Атырау обл.),
  • Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қ.),
  • Туристік аудан (Астана қ.).

Ішкі туризм ағынының серпінді өсуін ескере отырып, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.

Өзгелердің жаңалығы