Еліміздің қысқы спорты әлі де жақсы деңгейге шығуға шамасы бар – Қазақстан ҰОК директоры

10 Ақпан 2022, 16:27
1451
Бөлісу:
Еліміздің қысқы спорты әлі де жақсы деңгейге шығуға шамасы бар – Қазақстан ҰОК директоры

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық олимпиада комитеті ұйымдастырған баспасөз мәслихатын Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов журналистердің қысқы спорт түрін дамыту жөніндегі сұрақтарына жауап берді.

Оның айтуынша, Қазақстанның климаты қысқы спортқа қолайлы, елдің солтүстік, шығысында 5-6 ай қыс болады, бұл спортшылардың дайындық жасауына ыңғайлы.

Елімізде шаңғы тебу бойынша дүние жүзіне сай екі керемет спорт кешеніміз бар, біреуі Талғар ауданында, екіншісі Щучинск қаласында. Бұл кешендер халықаралық жарыстар өткізуге лайықты. Дегенмен Солтүстік өңірлерде керемет сарайлар емес, жаттығуға лайық спорттық базалар қажет. Бізде шаңғы спортына қажеттінің барлығы бар, алайда спортшылардың нәтижесі жақсы деңгейде емес. Олимпиада біткен соң сараптама жасап, әсіресе жергілікті жерлерде шаңғы спортының бұқаралық дамуына көңіл бөлуіміз керек,-деді Қанағатов. 

Сонымен қатар ол фристайлдан жаттығу кешендері жетіспейтінін жеткізді.

Біз ылғи жарыстың алдында үлкен спорт кешендерін саламыз да, кейін ол пайдаланылмай қалады. Мәселен, бізге фристайл-могул, фристайл-окробатикадан кешенді трасса қажет. Біздің фристайлдағы спортшыларымыз өздерінің еңбектерінің арқасында осындай кешенді күтіп отыр. Бұл мәселені ҰОК талай көтерді. Олар тек қыста ғана айналыспайды, жазда суға түсетін трамплиннен жасалған кешендер керек. Бұны бұрыннан айтып жүрміз. Мұндай мәселелерді журналистердің көтеріп жатқаны орынды, әйтпесе әкімдік те, спорт басқармалары да көңіл бөлмейді. Сондықтан бұл мәселелерді бірігіп шешейік. Еліміздің Қысқы спорты әлі де жақсы деңгейге шығуға шамасы бар,-деді ол. 

Елсияр Қанағатов сөз соңында халықты Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жатқан спортшыларымызға қолдау көрсетуге шақырды.
 

Өзгелердің жаңалығы