Еліміздің күнтізбесіне екі кәсіби мереке қосылды

14 Наурыз 2023, 12:37
702
Бөлісу:
Еліміздің күнтізбесіне екі кәсіби мереке қосылды
Фото: inbusiness.kz

Еліміздің мерекелік күнтізбесі жаңа даталармен толықты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Үкіметінің 9 наурыздағы қаулысы бойынша, «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Мұғалімдер күні – 5 қазан, Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы