Еліміздің ғылыми-зерттеу институттары жол салу жұмысына араласады

20 Маусым 2022, 09:57
1248
Бөлісу:
Еліміздің ғылыми-зерттеу институттары жол салу жұмысына араласады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК қызметінің негізгі бағыттарының бірі автожол саласына жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу.

Осыған орай «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК жол конструкцияларының материалды қажетсінуі мен өзіндік құнын төмендетуге, жол жамылғысының конструкциялық қабаттарының беріктік сипаттамаларын арттыруға, қазіргі заманғы машиналар мен механизмдерді енгізуге, құрылыс және жобалау әдістерін жетілдіруге бағытталған автомобиль жолдарын салу (реконструкциялау), күрделі жөндеу және күтіп-ұстау саласында жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу бойынша ұсыныстарды қабылдауға ашық екенін жеткізіп, ынтымақтастыққа шақырды. 

Сондай-ақ жасанды құрылыстарды салудың, жобалаудың өзіндік құнын, іске асыру мерзімін азайту және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін заманауи әдістерді қолдану бойынша да ұсыныстар қабылдап жатыр, - деп хабарлады орталық. 

Орталық ғылыми-зерттеу институттарын, жоғары оқу орындары мен ғылым қайраткерлерін ғылыми жаңалықтар, зерттеулер және автожол саласын дамыту бойынша мамандармен ынтымақтастық орнатып, бірге жұмыс жасауды көздеп отыр.

Өзгелердің жаңалығы