Еліміздің эко-белсенділері Қайыңды көлін қорғауға шақырды

18 Желтоқсан 2021, 19:12
3740
Бөлісу:
Еліміздің эко-белсенділері Қайыңды көлін қорғауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Қайыңды көлін туристер жақсы біледі. Алайда туристік аймаққа айналған көлдің бүгінгі жағдайы эко-белсенділерді алаңдатып отыр, деп хабарлайды Хабар 24. 

Ерекше табиғатты аялаудың орнына жұрт тал-теректерді шимайлап, түрлі жазбалар қалдырып жатыр. Эко-белсенділер осылай деп дабыл қақты. Олар бұзақыларды жауапқа тартуды сұрап жатыр. 

Ең дұрысы паркты жауып, көл бетінде ғасырлар бойы жасап келе жатқан қайыңдарды сақтау қалу керек. Дәл осы қайыңдар әлем туристерін өзіне тартады, –  дейді Қазақстан Альпі клубының белсенділері.

Қайыңды көлі Алматыдан алты сағаттық жерде орналасқан. Ол аса қорғаудағы табиғат аумағы саналады.

Өзгелердің жаңалығы