Еліміздің екі тікұшағы Түркияда орман өрттерін сөндіріп жатыр

12 Тамыз 2021, 22:47
6920
Бөлісу:
Еліміздің екі тікұшағы Түркияда орман өрттерін сөндіріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның екі тікұшағы Түркияның оңтүстік-батысында орман өрттерін сөндіруге кірісті.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Әуе кемелері мен кәсіби дайындалған экипаж жалпы 45 циклдан тұратын 180 тонна суды өрт ошақтарына тастады. Қазақстан борттары әуеде 10 сағаттан астам уақыт ұшып өтті. Біздің әуе кемелеріміз Даламан қаласының іргелес аумағының отпен бақыланбайтын учаскесінде шоғырланған. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда және ертең таң ата қайта басталады. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында ТЖМ күштері жіберілді. 

11 тамызда Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамында 16 құтқарушы және Қазақстанда құрастырылған Ми-8АМТ 2 тікұшағымен ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Каспий теңізінен және Кавказ тауларынан ұшып өтіп, Даламан қаласында орман өрттерін сөндіру бойынша құтқару жұмыстарына кірісті.

Өзгелердің жаңалығы