Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

21 Желтоқсан 2021, 08:21
1022
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

21 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында, және орталығында тұман күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

21 желтоқсан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының түнде солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы