Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

19 Шілде 2022, 22:02
1298
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде және Петропавлда жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсуі, дауыл тұруы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік-батысында +35°C дейін қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ойысып, күндіз облыс орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз сынап бағаны +42...44°C көрсетеді.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде +35...+39°C, облыстың оңтүстігінде +40...+42°C қатты ыстық сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының батысында солтүстік-шығыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа ойысады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде +35°C қатты ыстық болады деп күтіледі.

Атырау облысының шығысында, солтүстігінде және орталығында және Атырау қаласында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың оңтүстігінде +36°С қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 16 м/с құрайды, күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық болады: +35...+38°C.

Өзгелердің жаңалығы