Еліміздің бір өңірінде коронавирус өршіп тұр

9 Желтоқсан 2021, 08:28
1362
Бөлісу:
Еліміздің бір өңірінде коронавирус өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, еліміздің 5 өңірі «сары» аймақта. Ал Ақмола облысы індет қауіптілігі жоғары өңірде тұр.

Атап айтқанда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта. Ақмола облысы «қызыл» аймаққа түсіп қалды. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы мен 11 өңір «жасыл» аймақта орналасқан. Олар: Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар елдің бас дәрігерінің айтуынша, республикада сауыққан адамдардың саны ауырған адамдардың санынан басым.

Мәселен, қараша айында қазан айымен салыстырғанда сауыққан адамдардың саны ауырған адамдардың санынан 1,6 есе көп, - деді Алексей Цой.
Өзгелердің жаңалығы