Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

8 Мамыр 2022, 09:05
1698
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктері 8 мамыр, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Елдің батысында нөсер жауын жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады, батыста бұршақ жауады. 

Алматы облысының таулы аудандарында күндіз күн күркірейді. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда жел - 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі, солтүстігінде, батысында және облыстың таулы аудандарында жел қарқыны - 15-20, күндіз екпіні - 25 м/с. Күндіз таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Атырау облысының оңтүстігінде , шығысында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, жел қарқыны - 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23-28 м/с дейін күшейеді. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, облыстың батысы мен солтүстігінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында күндіз облыстың басым бөлігінде жел екпіні - 15-20 м/с. 

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. 

Қарағанды облысының батысында найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады. 

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында желдің күші - 15-20, екпіні - 23 м/с. 

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл тұрады. Жел қарқыны облыстың солтүстігінде және орталығында 25 м/с дейін күшейеді. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 23 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы