"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), оңтүстікте жаңбыр жауып, жел күшейеді. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Батыс өңірлердегі ауа температурасы түнде 5 аяз - 7 жылыға дейін, күндіз 5-18 жылыға дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде 5 аяз -5 жылыға дейін, күндіз 5-13 жылыға дейін төмендейді.
Оқи отырыңыз: