Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

18 Қазан 2023, 14:19
730
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын Қазгидромет ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттарға байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі. 

Тек оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда ауа-райы әлі де ашық болады.

Түнде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы 2 градуске дейін төмендейді. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы 10 - 15 градустан 5 градуске  дейін төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы