Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

10 Қаңтар 2024, 21:28
1225
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
VIDEO
Фото: BAQ.KZ -архив

Қазгидромет мәліметі бойынша еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Ауа-райының нашарлауына байланысты 9 өңірде көліктің барлық түрлері үшін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс тоқтатылды. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Ұзақ сапардан және алыс жерге жаяу жүруден бас тартыңыздар, әсіресе түнде және дауылды ауа-райы жағдайында. Көлік қозғалысына қойылатын шектеу және ауа райы жағдайы туралы ақпаратпен уақтылы танысып отырыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, - делінген ТЖМ ақпаратында.

Өзгелердің жаңалығы