Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 Желтоқсан 2023, 08:12
700
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Архив BAQ.KZ

Астана мен еліміздің 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ұлытау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында боран соғып, көктайғақ болады.

Маңғыстау мен Алматы облыстарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында тұман түсіп, боран соғады.

Жетісу мен Қостанай облыстарында қар жауып, тұман түседі, боран болады.

Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады.

Өзгелердің жаңалығы