Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

21 Тамыз 2023, 08:00
1142
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Фото: Архив BAQ.KZ

Қазгидромет 21 тамызда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 21 тамызда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 21 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 21 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 21 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. 21 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 21 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық. 21 тамызда Жетісу облысының батысында жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. 21 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. 21-23 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. 21-23 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 21 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы