Еліміздің бассейндік инспекциялары жаңа жабдықтармен қамтылды

14 Қараша 2024, 14:43
300
Бөлісу:
Еліміздің бассейндік инспекциялары жаңа жабдықтармен қамтылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің бассейндік инспекцияларын жаңа жабдықтармен қамтамасыз етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрліктің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті бассейндік инспекцияларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. 

Бүгінгі таңда бассейндік инспекцияларға 18 жеңіл автокөлік, көп функциялы құрылғылар, судың жылдамдығы мен шығынын өлшеуге арналған датчиктер берілді. Сондай-ақ бассейндік инспекциялар ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті судың «көлеңкелі» нарығына қарсы күресті күшейту үшін құрылған. Ведомство суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ, елдің су объектілеріндегі құқыққа қарсы шаруашылық қызметпен күреседі. Қазіргі уақытта бассейндік инспекциялар мен мемлекеттік су инспекторларының функцияларын кеңейту, жедел әрекет етудің жаңа құралдарын енгізу бойынша жұмыс атқарулуда,-деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. 

Бүгінгі таңда бассейндік инспекциялардың жалпы штаты 241 адам. Министрлік құрылғаннан бері штат саны 1,5 есе ұлғайды. Бұл республиканың әрбір облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімдерін ашуға мүмкіндік берді. 

Айта кетейік, елімізде 8 бассейндік инспекция бар. Ол Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас бассейндік инспекциялары.

Өзгелердің жаңалығы