Еліміздің ауыр атлеттері лицензиялық әлем кубогі кезеңіне қатысып жатыр

1 Сәуір 2024, 20:19
389
Бөлісу:
Еліміздің ауыр атлеттері лицензиялық әлем кубогі кезеңіне қатысып жатыр
Фото: olympic.kz

Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан әлем кубогі өтіп жатыр. Лицензиялық жарысқа Париж Олимпиадасының жолдамалары үлестіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс 31 наурызда басталды. С тобында өнер көрсеткен Айнұр Әбдіхалықова бесінші орыннан көрінді. Ол енді А және В тобындағы нәтижелерді күтеді.

Сондай-ақ, 89 келіде сынға түсетін Сергей Петровия 5 сәуірде жарыс жолына шығады.

Турнирге жалпы есебі алты қазақстандық атлет қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы