Еліміздің әуе компаниялары жыл басынан бері 9 млн адамды тасымалдады

7 Желтоқсан 2022, 18:40
1343
Бөлісу:
Еліміздің әуе компаниялары жыл басынан бері 9 млн адамды тасымалдады

7 желтоқсан – Халықаралық азаматтық авиация күні саналады. Кәсіби мереке 1994 жылы ИКАО-ның 50 жылдығын атап өту кезінде пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандық азаматтық авиация қызметінде ұшу қауіпсіздігінің деңгейін одан әрі күшейтуге байланысты негізгі мақсаттарға қол жеткізу бойынша жұмыс жоспарлы түрде орындалып келеді.

Биыл аталған саладағы жетістіктер жолаушылар тасымалының ұлғаюынан байқалып келеді. Биыл 10 айда қазақстандық әуе компаниялар шамамен 9 млн адамды тасымалдап, бұл 2021 жылдағы көрсеткіштен 16%-ға (7,7 млн жолаушы) көп. Мысалы, Air Astana компаниясында жолаушылар ағыны шамамен 3,4 млн адамға, FlyArystan компаниясында 2,6 млн адамға жуықтап, сондай-ақ SCAT компаниясында жолаушылар саны 2,4 млн-ға және Qazaq Air-да 500 мың адамға өскен, - деп хабарлады ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша қазақстандық әуе кемелердің паркі 2025 жылға дейін 51 ұшақпен толықтырылады.

Осы жылы отандық авиакомпаниялардың паркі 10 жаңа ұшақпен толықты. Мәселен, SCAT компаниясының әуе кемелер паркі 5 ұшақпен толықса, Fly Arystan 3 ұшақ және Air Astanа 2 әуе кемесін сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа ұшақ пайдалануға беріледі. Азаматтық авиция ұшақтарының жаңаруы рейстердің кешігуін азайтуға, тасымалдау сыйымдылығын арттырып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ қазақстандық әуе тасымалдаушылардың ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

2022 жыл отандық азаматтық авиация қызметі үшін елеулі оқиғаларға толы болды. Мәселен, ұшу қауіпсіздігінің деңгейін одан әрі күшейтуге байланысты негізгі жоспар жүйелі түрде орындалып келеді. 

Бұл орайда Еуропалық комиссияның Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігінің деңгейін оң бағалауы маңызды жетістіктердің бірі саналатынын айта кеткен орынды. Сондай-ақ ИКАО Ассамблеясының 41-ші сессиясында аталған халықаралық ұйымның Бас хатшысы Қазақстандағы азаматтық авиация қызметін реттеудің еуропалық моделін енгізуді жоғары бағалап, бұл ИКАО-ның қауіпсіздік стандарттарына толық сай келетін әлемдегі ең озық әрі тиімді тетіктердің бірі екенін айтты. Атап айтқанда, еліміз жоғарыдағы халықаралық азаматтық авиация ұйымының талабын 84%-ға орындап отыр.

Қазір қазақстандықтар әлемнің 29 еліне тікелей рейстермен ұша алады. Ішкі әуе рейстерді аптасына 687 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша 5 отандық әуе компания орындайды. Осы жылы NEOS әуе компаниясым Алматы – Милан, «Эйр Астана» компаниясы Алматы – Ираклион, Vietjet Air компаниясы Алматы – Нха Транг, Jazeera Airways компаниясы Түркістан – Кувейт, AnadoluJet компаниясы Алматы – Анкара және Астана – Анкара және Pegasus Airlines компаниясының Алматы – Анкара, Алматыдан Сургутқа, Тюменьге және Новосибирге, сондай-ақ Астанадан Санкт-Петербургке жаңа бағыттары ашылды. «Түрікменхаваеллары» компаниясы Алматыдан Ашхабадқа әуе рейстерді қалпына келтірді, - делінген ақпаратта.

Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, Астанадан Нячангқа 25 желтоқсаннан бастап, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге 2023 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде рейстер ашылады деп күтілуде.

Сонымен қатар Air Seychelles әуе компаниясы 26 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында Алматы – Маэ бағыты бойынша рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстамбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге рейстердің ұлғаюы күтілуде.

Қазақстандық әуе компаниялар Пәкістанға Астана мен Шымкенттен Карачиге рейстер ашып, Үндістанға Алматы - Дели бағыты бойынша Қытайға Алматы – Чэнду бағыты бойынша, Ұлыбританияға Алматы - Лондон бағыты бойынша орындалатын рейстер санын ұлғайтуды көздеп отыр.

2023 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінен бастап Алматыдан Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға және Астанадан Тбилиси мен Подгорицаға маусымдық рейстердің қайта басталатынын атап өткен жөн. Бұдан басқа, Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқанд, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қайта басталады деп күтілуде.

2023 жылдың көктемгі-жазғы навигациясынан бастап Air Asia X әуе компаниясы Куала-Лумпурдан Алматыға, Thai Air Asia компаниясы Бангкоктан Алматыға рейстерді ашуды жоспарлауда.

Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтары бұзылғаны үшін әуе тасымалдаушыларды жауапқа тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.  Рейстердің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарының бұзылуына, сондай-ақ әуе көлігімен тасымалдаудың халықаралық ережелерінің бұзылуына байланысты қазақстандық әуекомпаниялар 8 100 айлық есептік көрсеткіш (24 810 300 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде 10 рет әкімшілік жауапқа тартылды.

2022 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылды.

Авиациялық билік халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA), халықаралық әуежайлар кеңесі (ACI), iPADIS сияқты бірқатар халықаралық ұйыммен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісімдер жаһандық деңгейде саламен ынтымақтастық пен әріптестікті жақсартудың және отандық авиацияның беделін нығайтудың тағы бір қадамын білдіреді.

«Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейсті ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде АҚШ көлік қауіпсіздігі әкімшілігімен ынтымақтастықты кеңейту жалғасуда. Тамыз айында тексеру пункттерінің жай-күйін және олардың америкалық стандарттарға сәйкестігін алдын ала бағалау мақсатында TSA сарапшыларының екінші сапары өтті. Техникалық сапардың нәтижелері бойынша сарапшылар тексеру пункттері мен бақылау-өткізу пункттерінің жай-күйіне оң баға берді. Бұл ретте авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналының үйлесімді жұмысы ерекше айтыды», деді ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Институционалды шаралардан басқа 2022 жылы әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғастырылды. Биыл қайта жаңартудан кейін Үржар және Үшарал әуежайларына сертификаттау жүргізілді. 

Орал қаласының әуежайында жаңа жолаушылар терминалы ашылды. Алматы қаласы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы басталып, Шымкент қаласының әуежайында жолаушылар терминалын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы